Social Bar home contact contact facebook vk.com mail pinterest youtube youtube

Дизайнерлік қызмет
Құрметті клиент!

«Homestore» дүкені қазіргі таңда әсемдеу өнерінің алғашқы баспалдағы болып саналатын заманауи құралдармен жабдықталған кәсіби дизайн студиясына ие! Осы студия арқылы өзінің клиенттеріне 3D-дизайн мен модельдеу, сонымен қатар бөлмелердің ішкі көріністерін көркемдеп  әрлендіру қызметтерін ұсына алады.

3D-дизайн мен модельдеу қызметі дүкендерімізден жиһаз немесе жиһаздарға қоса кілем және басқа да тауарларды сатып алған клиенттерімізге ақылы ұсынылады. Осы қызметті ұсыну үшін, сіздің үйіңізге ия да әсемделуге тиісті орындарға біздің кәсіби 3D – кеңістікте нысандарды модельдеуші және сәндеуші – дизайнерлеріміз аттанады. Сіздің объектіңізден алынған тиісті өлшемдер мен сіздің қиялыңыз һәм талғамыңызға қарай, дизайнеріміз үйіңіздің / бөлмеңіздің ішкі көрінісінің бейнеуи 3D – үлгісін жасап шығарады. Үйіңіз / пәтеріңіз толығымен бос, ішкі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген болса да, компьютерде әзірленген 3D – үлгісінде, үйіңіздің/ пәтеріңіздің ішкі жөндеу жұмыстары тәмамдалған, бүкіл тұрмыстық техникасымен жабдықталған, жиһаздары қойылған, кілемдері төселген кейпін тамашалай аласыз. Осылайша, сіз алдын ала үйіңіздің/ пәтеріңіздің қалайша көрінетіндігін өз көзіңізбен анық көре аласыз. Бұл қызметіміз -  қолыңыздағы қаражат мен аса қымбатты уақытыңызды үнемдеуге септігін тигізеді, өйткені, сіз нәтижені алдын ала көргендігіңізден, бір нәрсе ұнамай қалған жағдайда, ешбір шығынсыз ауыстыра аласыз. Біздің 3D – үлгілеу жұмыстарымызды әлеуметтік Instagram есебімізден көре аласыз.

Біз тек мұнымен шектеліп қана қоймаймыз, бізде кілемдерді орнында төсеп таңдау қызметі де бар. Дүкеніміздегі кілем бөлімшесіне келіп, өзіңізге ұнаған кілемдердің бірнеше үлгісін таңдаңыз немесе сатушылармыздан үйіңіздің ішкі көрінісіне сай келетін кілемдерді таңдап беруін өтініңіз. Осыдан кейін, біздің дизайнер – сатушыларымыз үйіңіздің ішкі көрінісіне үйлесімді бірнеше кілем үлгісімен, үйіңізге келіп, кілемдерді төсеп көрсетеді. Осылайша, сіз үйіңіздің ішкі сәніне ең үйлесімді кілемді тандай аласыз. Назар аударыңыз, ешбір кілемді сатып алмаған жағдайда, бұл қызметіміз үшін ақы алынады.

Осыған қоса, сатып алмастан бұрын, үйіңізге сурет, айна, құмыра, жасанды гүлдер және басқа да үй аксессуарларын апарып, орналастырып сынап көру қызметін де көрсетеміз, алайда, бұл қызмет тек қана кілемдер мен жиһаздарды таңдап беру қызметтерімен қоса көрсетіледі, бөлек көрсетілмейді.

Тек қана осы қызметтің көрсетілгенің қаласаңыз, бұл жағдайда, үй тоқымасы және аксессуарлары бөлімшесінің меңгерушісімен ақылдасуыңыз қажет. 3D-дизайн жұмыстарымыздың кейбір үлгілерін төменден тамашалай аласыз.