Social Bar home contact contact facebook vk.com mail pinterest youtube youtube

Біз туралы
Біздің тарихымыз

Компаниямыздың негізі, Әзірбайжан Республикасының астанасы Баку қаласында қаланды. 2003 жылы компаниямыз, Zorluteks Tekstil компаниясының «Linens» сауда белгісі астында үй тоқымасын сату дүкендері желісінің Қазақстанда ашу франшизасын сатып алып, Алматы  қаласында өзінің жұмысына кірісті. Қазақстан нарығына, компаниямыз Алматыда ашқан тұңғыш дүкенімен енді. Сауда – саттық қызметтеріміздің алғашқы жылдарында, біздің негізгі сауда және қызмет салаларымыз: кілем және кілем өнімдерін сату, жеке тапсырыс бойынша кілем тоқу және жеткізіп беру, үй тоқымасы бұйымдарын және үй безендіргіш аксессуарларды сату, перде пішу, тігу және сату болатұғын. 
Қазақстандағы екінші дүкеніміз, Қарағанды қаласында, «CITY MALL» ойын-сауық орталығында ашылды. Ал, бір жылдан кейін, 2007 жылдың төртінші ширегінде, компаниямыз Астана қаласында «Linens» және «Home Sweet Home» сауда белгілерімен, кезектегі екі дүкенін ашты және жалпы дүкен санын төртке шығарды.  
2008 жылы компаниямыз, өзінің сауда-саттық концептін қайта қарастырып, ҮЙ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ЗАТТАРДЫҢ БАРЛЫҒЫ тұжырымдамасына тоқталды және осы мақсатқа жету үшін біздер сауда серіктеріміздің санын және клиенттерімізге ұсынатың тауар таңдауын күрт арттырдық. Осы жаңа тұжырымдамамызды сынау үшін, Астанадағы дүкенімізді таңдадық.Осы концепттің табиғи жалғасы ретінде, 2011 жылында біздер Түркия Республикасының ең үлкен жиһаз өндірушісі Dogtas Kelebek Mobilya Sanayi ve Ticaret Anonim Sirketi компаниясынан, “Dogtas Exclusive” сауда белгісінің Казақстан франшизасын сатып алдық. Ал, 2012 жылы біздер сол компанияның жаңа туған сәби, балдырған балалар және жасөспірімдерге арналған жиһаз жиынтықтары саудаланатын “Dogtas Kids” сауда белгісінің франшизасын сатып алдық.  
2013 жылы біздер, ребрендинг яғни сауда-саттық белгісін өзгерту рәсімін тәмәмдадық, нәтижесінде біздің дүкендер желісі «Homestore» болып аталатын болады. Біздің алдағы жылдарда даму жоспарымызға сай, бұдан былай, біздер бүкіл қызметтерімізді тек қана осы сауда  белгісінің аясында ұсынатын боламыз.

Біздің концептіміз және тауарлардың сұрыпталымы
 
Бүгінде, біздің сауда концептіміз, “Үйге керек-жарақтарының барлығы” атты ұранымызға сәйкес келіп тұр, шынында да, біздер үйіңіз үшін қажетті барлық бұйымдарды сатудамыз. Бірақ, бізді басқа компаниялардан өзге, ерекше қылатын тек қана осы емес, біздің  қағидаларымыздың тағы бірісі “эксклюзивтілік”. Біздер бүкіл тауар жеткізушілерімізбен, Қазақстан Республикасы бойынша эксклюзивті өкілеттік шартымен келісеміз.Осы себепке байланысты, дүкендерімізде сатылатын тауарларды басқа еш жерде таба алмайсыз. Жыл сайын біздер Еуропаның ең жақсы жиһаз, кілем, үй тоқымасы, үй аксессуарлары жәрмеңкелерін кезіп тұрамыз. Біздер ең жақсы, ең сапалы, ең сәнді және айрықша тауарларды, бұйымдарды таңдап, кейіннен сіздерге дүкендерімізде ұсынамыз. Осыған байланысты, біздер: Германия, Бельгия, Испания, АҚШ, Нидерланды, Австралия, Оңтүстік Африка Республикасы,Түркия, Вьетнам, Тайвань сияқты елдерден, отыз бестен астам тауар жеткізуші компаниялардың тауарларын сіздерге қуана ұсынамыз.
Бүгінде, дүкендерімізден мынадай тауар түрлерін сатып ала аласыз: үй жиһазы; қонақүй жиһазы; жұмсақ жиһаз; жұмсақ жиһаз топтамалары; дивандар; бұрыш дивандтөсек орын гарнитурлары; төсектер; шкафтар; сандығы бар төсектер; матрастар; асүй жиынтықтары; асүй үстелдері мен орындықтары; балалар және жасөспірімдер жиһазы; балалар үшін төсектер; сәбилер үшін төсектер; ер балалар үшін төсектер; қыз балалар үшін төсектер; екі қабатты төсектер; кілемдер; гобелен кілемдер; төсеніштер; терілер; былғыры мен теріден жасалған кілемдер; балалар үшін кілемдер; кіреберіс төсеніштері; ковролан кілемдер; төсек-орын тоқыма жиынтықтары; төсек жапқыштары; жамылғылар; мамық, жүн, бамбук талшықты жастықтар мен ортопедикалық жастықтар; мамық, жүн және бамбук талшықты көрпелер; матрас тыстары; балалар үшін тоқыма бұйымдары; балалар үшін төсек –орын төсеніштері; ванна бөлмесі үшін арналған аксесуарлар; жуыну бөлмесі жиынтықтары;ванна төсеніштері; монша халаттары; монша сүлгілері; қол және бет сүлгілері; қолдан жасалған суреттер; баспа суреттер; триптих суреттер; әйелдер мен жылқы сюжетті суреттер; қолдан жасалған қабырға таблолары; фотосуретті түсқағаздар; шымылдықтар; айналар; қабырға сағаттары; қыш, шыны және фарфор құмыралар; мүсіндер; қобдишалар; фотосурет жиектемелері; абажурлар; үстел сағаттары; безендергіш тастар, моншақтар, ұлы қабыршақтары; жасанды гүлдер; хош иісті майшамдар; хош иісті таяқшалар; хош иісті қапшықтар; үй және көлік іші ауа сергіткіштері мен хош иісті иістендіргіштері; майшам аксессуарлары және басқа да тауарлар.

Қосымша қызметтеріміз

Клиенттеріміз үшін: жеткізіп беру, құрастыру, 3D – бейнелеу және безендіру, кілемдерді жеткізіп төсеп көру, каталог бойынша тапсырыс қабылдау, стандарт емес өлшемде кілемді тоқу тапсырысын қабылдау және орындау сияқты қосымша қызметтеріміз бар. Осы  қызметтер жайлы толыққанды мағлұматты, сіздер кызметтер тарауында таба аласыз.