Social Bar home contact contact facebook vk.com mail pinterest youtube youtube

Құпиялылық ережеміз

Құпиялылық және қауіпсіздік ережеміз 

Қысқаша айтқанда, құпиялылық және қауіпсіздік ережеміздің негізгі шарттары осындай: біздер, келесі жағдайлардан басқа: 1) өзіңіздің рұқсат етуіңіз, 2) бұл мәліметтердің берілуі, сізге тауарды жеткізу үшін қажетті (тек қана керекті мәліметтер беріледі), 3) Қазақстан Республикасының заңдарына сай мәжбүр болған жағдайлар, сіздердің жеке мәліметтеріңізді үшінші тараптарға БЕРМЕЙМІЗ, САТПАЙМЫЗ, ҰСЫНБАЙМЫЗ. 

Қандай мәліметтеріңізді сақтаймыз? 

* Біздің сайтымызда тіркелу барысында, біздің жарнамалық шараларымызға қатысу барысында, дүкендерімізде тауарларға тапсырыс беру және сатып алу барысында, біздің сауалнамаларымызға жауап беру барысында, біздің хабарландыру қызметтерімізге (SMS немесе e-mail арқылы хабарландыру қызметтері) жазылу барысында немесе қайсыбір түрде сайтымыздағы іс-шараларға қатысу барысында, өзіңіздің білдірген жеке мәліметтеріңізді сақтаймыз және жинаймыз. 

* Дүкендерімізде тауар сатып алу немесе тауарға тапсырыс беру барысында, біздер, сіздің аты – жөніңізді, мекен-жайыңызды, үй және қалта телефондарыңыздың нөмірлерін, e-mail және басқа да керекті мәліметтерді беруіңізді сұрауымыз мүмкін. Алайда, осындай мәліметтерді бермеуге де еріктісіз, тек шынымен қажетті жағдайлардан басқа (мысалы, тауарды жеткізу үшін мекен – жай мәліметтеріңіз қажетті). 

* Осыған қоса, біздің жеңілдік карточкасын алған клиенттеріміз тіркелу барысында арнайы жеңілдік карточкасын алу сауалнамасын толтырады және сол сауалнамада жазған мәліметтеріңіз біздің тарапымыздан жарнамалық мақсаттар үшін қолданылуы мүмкін.

* Сайтымыздың сапасын арттыру және сайтымызға жолығып жүрген клиенттеріміз жайлы ақпарат жинақтау мақсатында, көптеген сайттар секілді біздер де «cookies» қолданамыз. 

Сіздерден алынған маәліметтерді қалайша қолданамыз? 

Біздер, сіздердің сайтымызды шолу барысында; сауалнамаларымызға жауап беру барысында; хабарландыру қызметтерімізге жазылу барысында; дүкендерімізде тауар сатып алу барысында; жарнамалық шараларымызға қатысу барысында; жеңілдік карточкасын алу барысында; сіздерден алған мәліметтерді, төменде атап өтілген мақсаттар үшін қолданамыз: 

* Сіздердің біздің сайт пен өзара қарым – қатынасыңызды арттыру үшін, сіздердің қалауларыңызды тіркеу және сіздерге ең керекті контентті көрсету мақсатында. 

* Сіздердің талаптарыңызға бейімделу және жалпы қызмет сапасын арттыру мақсатында. 

* Сайт құрамында өткізіліп жатқан жеңілдік акциясын, сауалнама жүргізу ісін немесе басқа іс-шараларын басқару мақсатында. 

* Қалта телефондарына SMS жолдау немесе электронды пошта адрестеріне E-mail хабарлама жолдау арқылы, жарнамалық мақсатында. 

Сіздердің жеке мәліметтеріңіздің қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етеміз?



Сіздердің жеке мәліметтеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасызету үшін, біздер әр түрлі қауіпсіздік шараларын іске асырамыз. Жеке мәліметтеріңіз, қорғау астындағы серверлер мен желілерде сақталуда және тек қана бірнеше қызметкерге қол жетімді, осы қызметкерлер жеке құпиялылықты бұзбауға мәжбүр. Сіздер сауалнамаларға жауап беру немесе хабарландыру қызметтеріне жазылу барысында, сіздердің енгізіп жатқан мәліметтеріңіз қауіпсіз, шифрленген түрде серверлерге көшіріледі. Бүкіл жеке мәліметтер Secure Sockets Layer протоколы арқылы жіберіледі. 

Біздер кукилерді (“cookies”) қолданамыз ба? 

Иә, қолданамыз. Куки дегеніміз - тікелей сайттан немесе интернет қызметінің провайдері тарапынан, ғаламтор шолушы программасы арқылы, компьютеріңіздің жадысына жазылатын кішкентай файлдар, бұл файлдар арқылы қандай ғаламтор шолушы программасын қолданып жатқаныңыз сияқты мәліметтер анықталады. Мысалы, сіздің мекен-жайыңызды IP – адресіңіз арқылы анықтай аламыз, бұл бізге клиенттеріміздің қай қалаларда шоғырланғаны туралы пікір беретін болады, сонымен қатар клиенттердің қалалар бойынша талаптарындағы ерекшеліктерді анықтауға мүмкіндік беретін болады. Бұл, дегеніміз, бізге сіздердің қалауларыңызды анықтауға және сіздерге арналған қызметтеріміздің жетілдірілуіне септігін тигізетін болады. Сондай-ақ, біздер клиенттерімізді және олардың сатып алуға байланысты қалауларын талдау мақсатында жинақталған мәліметтерді үшінші жақтарға тапсыруымыз мүмкін. 

Алайда, сіздер компьютеріңізді, әр кук орнату талабы үшін сізді ескертуі шартын баптай аласыз немесе толығыменен бүкіл куктарды қабылдауды өшіріп тастауыңызға да болады. Куктарды өшіріп тастау, ғаламтор шолушының баптау мәзірінен жасалынады. Бірақ, куктарды өшіріп тастауменен, сайт пен қарым–қатынасыңызды жақсартатын, сайтымыздың көптеген функцияларын қолдана алмайтын боласыз. 

Жинақталған мәліметтерді үшінші тараптарға береміз бе? 

Біздер, сіздердің жеке мәліметтеріңізді үшінші тараптарға БЕРМЕЙМІЗ, САТПАЙМЫЗ, ҰСЫНБАЙМЫЗ!!! Алайда, Қазақстан Республикасының заңдарыменен белгіленген жағдайларда, құзыретті мемлекеттік мекемелердің сұрауы бойынша, сіздің жеке мәліметтеріңізді талап еткен тарапқа бере аламыз. 

СМС – хабарландырудың қауіпсіздігі! 

Біздер, сіздердің жеке қалта телефондарыңыздың нөмірлерінің қауіпсіздігіне кепіл боламыз, өйткені, біздер сіздердің телефон нөмірлеріңізді үшінші тараптарға бермейміз және СМС жолдау үшін үшінші тараптардың СМС жолдау қызметтеріне жүгінбейміз. Өйткені, СМС – жолдау қызметін ұсынатын фирмалармен жұмыс жасаған жағдайда, осы қызметті ұсынатын фирмаға нөмірлер базасын сақтап қалу, көшіріп алу және кейіннен өз мүддесіне пайдалану мүмкіндігі туады. 

Сондықтан, СМС – жолдауды қауіпсіз ету мақсатында, біздер клиенттерімізге СМС – хабарландыруларды өз меншігіміздегі көп портты GSM – модемі, қарапайым GSM желілері арқылы жолдаймыз. Яғни біздер, Kcell және Tele2 компанияларының желілері арқылы жібереміз. Осы себептен, біздің СМС – жолдау қызметіміз ең қауіпсіз болып табылады. 

Жарнамалық СМС – хабарландырулар жалықтырды!!! 

Иә, сіздің сезімдеріңізді түсінеміз, біздерге де көптеген, неше түрлі СМС – хабарландырулар келеді, ең қызығы атынан СМС жіберілген сол дүкендердің көпшілігінде мүлдем болған да емеспіз. Осындай жарнамалық хабарламалар шынымен де кісіні жалықтырады! Осындай жағдаяттың орын алуында, жеке нөміріңізді үшінші тараптарға жария еткендер кінәлі, ойымызша бұлар, нөмір есебіне ақша толықтыру терминалдарының иелері болуы әбден мүмкін, өйткені олардың телефон нөмірлері базасын жинақтап, үшінші тараптарға сатып жіберуге мүмкіндіктері мол. Осы себепке байланысты, ақша толықтыру терминалдарын, мүмкіндігінше қолданбауыңызды өтінеміз. 

СМС – хабарламалардың жиілігі жайында! 

Құрметті клиенттер, біздің СМС–хабарлама қызметімізге жазылсаңыз, бізден жылына 6 – 8 рет СМС – хабарландыру алатын боласыз. Әдетте, біз сіздерді төменде белгіленген оқиғалар туралы хабардар етеміз: 

* Жаңа маусым тауарларының келуі туралы. 

* Бұрын-соңды болмаған жаңа тауар түрінің сатылуы туралы. 

* Жеңілдіктер туралы.

Мен неге СМС – хабарламалар алудамын, мен жазылған емес едім?! 

Құрметті клиент! Егерде біздердің атымыздан СМС – хабарлама алып тұрсаңыз, бұл демек осыған жазбаша келісіміңізді бергенсіз. Өйткені, біздер СМС – хабарландыруларды, тек қана біздің жеңілдік карточкаларымыздың иелеріне жолдаймыз. Ал, бұл жеңілдік карточкасын алу барысында, сіздер біздің атымыздан жарнамалық немесе басқа үлгідегі хабарландыруларды қабылдауға жазбаша түрде өз келісіміңізді белгілейтін, сауалнаманы толтырып қол қойған болатынсыз. Осы келісіміңіз сауалнамада жазылған. 

СМС – хабарлама қызметінен бас тарту! 

СМС – хабарламаларды алудан бас тарту үшін, телефон арқылы біздің басқармаға хабарласу немесе жарнамалық СМС-ті қабыл еткен соң, “маған жібермеңіз” деп жазып қайта 1 СМС жауап жазып жіберу, арқылы өз тілегіңізді білдірсеңіз болды. Сонымен қатар, сіз осы сайттан да біздерге, жеке нөміріңіздің және/немесе электронды пошта адресіңіздің, қатысты хабарландыру қызметінен шығарылуы өтінішін жолдай аласыз. 

Құпиялылық және қауіпсіздік ережеміздің өзгертілуі немесе толықтырылуы 

Егерде, біз қолданыстағы құпиялылық және қауіпсіздік ережемізге өзгерту немесе толықтыру енгізу жөнінде шешім қабылдасақ, біздер енгізілген бүкіл өзгертулер мен толықтыруларды сайтымыздың осы бетінде жариялаймыз. Бүкіл өзгертулер мен толықтырулар тек қана осы ережеге қатысты болады, құпиялылық және қауіпсіздік ережеміз жаңадан осы бетте жарияланады. Қолданыстағы құпиялылық және қауіпсіздік ережеміз ең соңғы рет 2013 жылдың маусым айының 30 жұлдызында жаңартылған.