Social Bar home contact contact facebook vk.com mail pinterest youtube youtube

Кері қайтару ережесі

Құрметті клиенттер! 

Қазақстан Республикасының қолданыстағы, 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңына сәйкес, сіздер, төменде көрсетілген келесі жағдайларда, сатып алған тауарды дүкенге қайтарып, сол үшін төленген құның кері алуыңызға немесе басқа тауарға ауыстырып алуыңызға болады: 

30-бап. Сатушының (дайындаушының) тиiстi сападағы да, тиiстi емес сападағы да тауарды сату кезiндегi мiндеттерi. 

1. Мыналарды 

* дәрiлiк заттарды; 

* медициналық мақсаттағы бұйымдарды; 

* iш киiмдi; 

* шұлық-ұйық бұйымдарын; 

* жануарлар мен өсiмдiктердi қоспағанда,  

Егер тиiстi сападағы азық-түлiк емес тауар пайдалануда болмаса, оның тауарлық түрi, тұтынушылық қасиеттерi, пломбалары, заттаңбалары, сондай-ақ тауарды иелену фактiсiн растайтын құжат, егер шартта бұдан да ұзақ мерзiм белгiленбесе, тауар сатып алынған күннен бастап күнтiзбелiк он төрт күн iшiнде сақталса, сатушы (дайындаушы) оны айырбастап берудi немесе қайтарып алуды қамтамасыз етуге мiндеттi. Егер тауарды сатып алу фактiсiн растайтын құжат жоғалып қалса немесе қандай да бiр себептермен тұтынушыға берiлмесе, егер тұтынушы тауарды осы сатушыдан (дайындаушыдан) сатып алу фактiсiн дәлелдесе, онда тауарды айырбастап беру немесе қайтарып алу жүргiзiлуге тиiс.

2. Тұтынушы тауардан кемшiлiктер тапқан және оны ауыстыру туралы талап қойған жағдайда сатушы (дайындаушы) – оны дереу ауыстыруға, ал сатушының(дайындаушының) тауар сапасын қосымша тексеруi қажет болған кезде тиiстi талап қойылған кезден бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде ауыстыруға мiндеттi.

Құрметті клиенттер! Осы, заңға сәйкес, тиісті сападағы тауарды қайтару үшін, келесі шарттардың орындалуы тиісті екендігін ескерткіміз келеді; тауар пайдалануда болмаса, оның тауарлық түрi, тұтынушылық қасиеттерi, пломбалары, заттаңбалары, сондай-ақ тауарды иелену фактiсiн растайтын құжат, тауар сатып алынған күннен бастап күнтiзбелiк он төрт күн iшiнде сақталса. 

Өкінішке орай, сіздің кері қайтару немесе  айырбастау талабыңыз белгіленген 14 күнтізбелік мерзімін асып кетсе, сонымен қатар, қолданылған болса, тауарлық түрі, қаптамасы бұзылған болса, пломбалары мен заттаңбалары жұлынып тасталған болса, сіздің осындай талабыңызды қабылдамай тастауға толық құқылымыз. Түсіністікпен қарауыңызды өтінеміз. 

Егерде, кез – келген себеп бойынша жсаған саудаңызбен қанағаттанбасаңыз, “Біздер мен қатынасу” бетінде жаряланған телефон нөмірлеріне қоңырау шалу немесе электронды хат жолдау арқылы, біздің Қызмет бөлімшесіне қатынасыңыз. Біздің қызмет көрсету бөлімшеміз, қанағатсыздығыңыздың себептерін аңықтау үшін, қысқа мерзім ішінде сізбен байланысады.