Social Bar home contact contact facebook vk.com mail pinterest youtube youtube

Сыйлық сертификаты
Құрметті клиент!
 
 
Homestore дүкені, таныстарыңыз бен жақындарыңыз үшін, “Homestore сыйлық сертификаттарын” сыйлауға шақырады. Біздің сертификаттарымыз, достарыңыз бен жақындарыңыз үшін ең керемет сыйлықты сыйлауға көмектеседі. Сыйлық сертификаттарымызды сатып алмастан бұрын, осы сертификаттарға қатысты қолдану ережесіменен танысуыңызды өтінеміз.
 
Сыйлық Сертификаттарына қытысты жалпы ережелер
 
Сыйлық сертификаты (бұдан былай сертификат), сатып алынатын қызметтер мен тауарлар үшін төлемақы (немесе төлемақының бір бөлігі) ретінде қабылданатын құжат болып табылады. Сертификатта жазылуы тиіс реквизиттер: қала, сертификатты берген ұйымның атауы, сертификаттын сериясы және нөмірі, берілген күні, құны және берген ұйымның мөрі. Сертификат, оны берген ұйымның мүлкі болып табылады. Сертификат, оны басып шығарған ұйымның тауарларын немесе қызметтерін сатып алу үшін қолданылады. Сертификат иесі тарапынан төленіп қойған қаражат, осы сертификатты шығарған ұйымның тауарлары немесе қызметтері үшін берілген аванс ретінде есептеледі. Сертификатты қолданушы ретінде, сертификат иесінің өзі, немесе осы сертификат сыйлық етілген үшінші кісі де бола алады.   
Егерде, тауар сатып алу барсында сертификат қолданылған және сертификат құнының сатып алынғалы жатқан тауарлардан төмен болса, ондай кезде сертификат иесі, айырмасын қолма қол ақшамен төлеп жаба алады. Ал, егерде тауар сатып алу барсында сертификат қолданылған және сертификат құнының сатып алынғалы жатқан тауарлардан жоғары болса, ондай кезде айырмасы сертификат иесіне қайтарылмайды.
Сертификатты тек қана бір рет қолдануға болады. Сертификат құнының толық өтелуі, сертификатты шығарған ұйым тарапынан басылған мөр, күні және сертификатты ұсынған клиенттін қолы мен расталады.
Сертификат, ұсынылған жағдайда, оны шағарған ұйым сертификаттын шанайылығын тексереді. Жыртылып қалған сертификаттар қабылданбайды. Сертификатты басқа біреуге бергенде / сыйлағанда, сертификат иесі, осы ережелерді, сертификаттын жаңа иесіне түсіндіруі тиіс.