Social Bar home contact contact facebook vk.com mail pinterest youtube youtube
Сіз осы жердесіз: ҮЙ ТОҚЫМАСЫ > Көрпелер > Жібек көрпе

Betty жазғы жұқа көрпесі, Жібек

Betty Silk duvet – Light
СИПАТТАМАСЫ

Соңғы жылдары жібек көрпелер кеңінен таралып келуде. Жібек көрпелерді тек қана жаздың ыстық түндерінде қолдануға болады деп ойласаңыз, қателесесіз. Қалындау жібек көрпе таңдасаңыз, қыс бойы сізді жылуда ұстай алады. Жібектің салмағы ауыр келеді, сондықтан жібек көрпе жеңіл болмайды. Жібек көрпе, синтетикалық көрпелердің баламасы болып табылады, өйткені жүн, мамық толтырылған көрпелерді қолдана алмайтын, аллергиядан зардап шегіп жүрген, бірақ сонда да табиғи толтырмасы бар көрпені қолданғысы келетін жандарға – дауа болады. Жібек көрпенің ерекше қасиеттері бар, бұл қасиеттер жібектен келеді: жібекте шаң-тозаң, төсек кенелері өмір сүрмейді, жібектің табиғи антибактериалды қасиеттері бар. Қандай көрпені таңдарын білмей, абыржып тұрсыңыз, жібек көрпелердің кейбір артықшылықтарын атап өтелік: 1. Жібек жұмсақ әрі жеңіл, және тыныс алатын зат, сондықтан жібек көрпе артық ылғалдықты шеттетеді. Жібек көрпе, жаздың қапырық ыстығында, сізді салқындатып, қыстың ызғарлы суығында, сізді жылытып тұрады. 2. Жібек табиғи гипоаллергенды зат, және төсек кенелерін тұрғызбайды, сондықтан аллергиядан зардап шегіп жүрген жандарға жақсы шешім. Мысалы тыныс демікпесіне шалдыққандар үшін, жүн немесе мамық көрпелерге қарағанда, жібек көрпе дұрыс шешім болады. 3. Жібек, көрпенің ішінде бір жерге жиналмайды, және біркелкі дәрежеде жайылады, жүнмен, қаз мамығымен салыстырғанда тығыздау болғандықтан, жамылғанда үстіңізді қымтап алады. 4. Жібектін құрамында көптеген амино қышқылдар бар, және бұлар адам ағзаларында табылатын амино қышқылдарымен бірдей. Осыған байланысты, Қытайлықтар жібектің адам терісіне жақсы әсер ететініне, буын аурулары, тыныс демікпесі, және терінің сезімталдығына қарсы жақсы ем екендігіне сенеді. Алайда, бұл деректер медициналық тұрғыдан дәлелденбеген. 5. Жібек көрпелер жиі тазалауды қажет етпейді, далаға, таза ауаға күн астына 1 – 2 сағатқа шығарып кептіріп, желдетіп алу жеткілікті.

Ерекшеліктері
  • Жазғы жұқа көрпе
  • Ішкі толтырмасы: 500гр/630гр жабайы жібек құртының пілләсынан алынған, 100% жабайы жібек
  • Қаптамасы: ең сапалы мако сәтен матасынан, 100% мақта
  • Өлшемдері: 155x220, 200x220 см
  • Германия өнімі
  • Көрпелер, әмбебаптылығын жоғарлату мақсатында шыртылдақ – түймелермен жабдықталған. Betty® көрпелерінің басым көпшілігі, атап өтілген шыртылдақ – түймелер арқылы өзара құрамдастырыла алады. Осы қасиеті арқылы сіз, жұқа жазғы көрпемен, қалындығы орташа көрпені бірбіріне қосып, әп сәтте қалын қысқы көрпеге ие боласыз.
  • Көрпелердің томпақтығын арттыру үшін, көрпе тыстарын өндеу үшін жаңа тәсіл қолданылады, енді өндеу жұмысы бөлек – бөлек жасалады, көрпе жиектері көмкерілмейді, бұл көрпенің сыртқы көрінісін көзге сүйкімді, денеңізге жұмсақ және жайлы қылады. Бүкіл көрпелер, бір саты жоғары жайлылық пен рахат үшін, кісі денесінің белгілі зоналарына сәйкес келетін қалташарадың орналастырылуыменен пішіліп, сырытылып тігілген.
  • Шынайы Betty® көрпелері, Betty® сауда белгісі, этикеткасы және ішкі толтырғыш материалдың түрін анықтайтын, көрпе шетіне тігілген толтырғыш материалдын символы арқылы анықталады.
ҰҚСАС ТАУАРЛАР
Betty жазғы жұқа көрпесі, Жібек Betty жазғы жұқа көрпесі, Жібек

Betty® - бұл, Германияда өндірілген, ең жоғарғы сапа төсек жабдықтары! Homestore, Betty® сауда белгісіменен, Германияда өндірілген, сапалы төсек жабдықтарын ұсынады. Betty® өнімдерінің сапасы, ең тандаулы шикізаттардың, Sanders Hyspring өндіріс тәсілдеріне сай, заманауи технологиялар қолданылуыменен өнделуінен шығады, бұл тәсілдер жүн және мамық сияқты материалдардың түктілігін ұлғайтады. Оған қосымша, бүкіл төсек жабдықтары қол еңбегімен өнделеді, ал бұл сіздің рахатыңыз және жайлы ұйқыңыз үшін ойластырыған және жасалған төсек жабдықтарының сапасын арттыра түседі.