Social Bar home contact contact facebook vk.com mail pinterest youtube youtube

Betty® Тенцел жастығы

Betty Tencel Pillow
СИПАТТАМАСЫ

Маталардың екі негізкі топқа бөлінетіндігін сздер білесіздер, бұлар: табиғи маталар және жасанды маталар. Жасанды, яғни синтетикалық маталар өз тобы ішінде де, екіге дараланады: мұнай өнімдерінен жасалғандар (полиэстер, полиамид тәрізді) және табиғи материал целюлозадан жасалғандар. Целлюлозадан өндірілетін маталардын жалпы атауы – вискоза, және соңғы он жылдықтың ішінде, Еуропа Одағының алдынғы қатарлы тоқыма компаниялары вискоза маталарының көптеген түрлерін өндіріп шығарды, мысалы– тенцел (tencel, liocel); модал (modal); бамбук (bamboo, rayon) және басқалары. Тенсел (Tencel) - лиоцелл талшығының саудалық атауы (ағаштардын целлюлозасындан өндіріледі). Лиоцелл талшықтарының өндеу технологиясының ашылуы – тоқыма саласының соңғы 30 жылдық кезені ішінде, ең басты оқиға болып табылады. Неге? Өйткені, бұл матаның өндірілуі қоршаған ортаға зиян келтірмейді және қалдықсыз деп айтуға келеді. Матаның өзі табиғи және жасанды маталардың ең жақсы қасиеттерін сіңіріп алған. Біріншіден, эстетикалық көрсеткіштерін қолға алайық: Тенцел маталары, сипағанда алақанға ең жайлы сезімді сездіреді – бұл маталар жылы, жеңіл және нәзік. Матаның беті сәл жалтырақ, жібекке ұқсағанмен мақтаның жайлылығын береді. Екіншіден, тамаша қолдану көрсеткіштерін қолға алайық: Тенцел матасы құрғақ және ылғал кезінде бірдей, созу нәтижесінде үзілуге қарсы жоғары төзімділік көрсетеді. Ылғалды кезінде вискоза матасымен салыстырғанда үш есе мықты. Сондықтан тенцел матасы өте төзімді. Тенцел матасы мақта, вискоза немесе зығыр матасына салыстырғанда аз қырысады, өте жақсы боялады, және жуылғанда реңін сақтайды. Үшіншіден, бұл матаның ерекше қасиеттерін қолға алалық: Тенцел матасы антибактериялық қасиеттерге ие және бактериялардың өсуін шектейді. Бұл мата гипоаллергенды мата. Суды сіңіру және сыртқа шығару қасиеті бойынша тенцел матасы мақтаны және жібекті артта қалдырады (суды қоршаған ортадан көбірек сіңіреді және өте жылдам шағарады). Осы қасиеті сіздің төсегіңіздің ішкі микроклиматын реттеп, сізге ең оңтайлы жағдайды жасайды, төсегіңіз қыстың суық түндерінде құрғақ әрі жылы, ал жаздың ыстық түндерінде құрғақ әрі салқын болады.

Ерекшеліктері
  • Жастық
  • Астарлы сыртқы қаптамасы: матасы тенцел сәтен, 100% Тенцел, Тенцел талшықтарымен астарланған, 50% Тенцел, 50% Полиэстер
  • Ішкі қаптамасы: 100% мақта.
  • Толтырғышы: 550гр Сенсофилл (Sensofill) талшықтарынан жасалған түіршіктер, 100% полиэстер.
  • Өлшемдері: 50х70, 80x80 см
  • Германия өнімі
ҰҚСАС ТАУАРЛАР
Betty® Тенцел жастығы Betty®  Тенцел жастығы

Betty® - бұл, Германияда өндірілген, ең жоғарғы сапа төсек жабдықтары! Homestore, Betty® сауда белгісіменен, Германияда өндірілген, сапалы төсек жабдықтарын ұсынады. Betty® өнімдерінің сапасы, ең тандаулы шикізаттардың, Sanders Hyspring өндіріс тәсілдеріне сай, заманауи технологиялар қолданылуыменен өнделуінен шығады, бұл тәсілдер жүн және мамық сияқты материалдардың түктілігін ұлғайтады. Оған қосымша, бүкіл төсек жабдықтары қол еңбегімен өнделеді, ал бұл сіздің рахатыңыз және жайлы ұйқыңыз үшін ойластырыған және жасалған төсек жабдықтарының сапасын арттыра түседі.