Social Bar home contact contact facebook vk.com mail pinterest youtube youtube

Betty жұқа Тенсел көрпесі

Betty duvet, Tencel Soft – Light
СИПАТТАМАСЫ

Тенсел (Tencel) - лиоцелл талшығының саудалық атауы (ағаштардын целлюлозасындан өндіріледі). Лиоцелл талшықтарының өндеу технологиясының ашылуы – тоқыма саласының соңғы 30 жылдық кезені ішінде, ең басты оқиғасы болып табылады. Неге? Өйткені, бұл матаның өндірілуі қоршаған ортаға зиян келтірмейді және қалдықсыз шағады. Матаның өзі табиғи және жасанды маталардың ең жақсы қасиеттерін сіңіріп алған. Біріншіден, эстетикалық көрсеткіштерін қолға алайық: Тенцел маталары, сипағанда алақанға ең жайлы сезімді сездіреді – бұл маталар жылы, жеңіл және нәзік. Матаның беті сәл жалтырақ, жібекке ұқсағанмен мақтаның жайлылығын береді. Екіншіден, тамаша қолдану көрсеткіштерін қолға алайық: Тенцел матасы құрғақ және ылғал кезінде бірдей, созу нәтижесінде үзілуге қарсы жоғары төзімділік көрсетеді. Ылғалды кезінде вискоза матасымен салыстырғанда үш есе мықты. Сондықтан тенцел матасы өте төзімді. Тенцел матасы мақта, вискоза немесе зығыр матасына салыстырғанда аз қырысады, өте жақсы боялады, және жуылғанда реңін сақтайды. Үшіншіден, бұл матаның ерекше қасиеттерін қолға алалық: Тенцел матасы антибактериялық қасиеттерге ие және бактериялардың өсуін шектейді. Бұл мата гипоаллергенды мата. Суды сіңіру және сыртқа шығару қасиеті бойынша тенцел матасы мақтаны және жібекті артта қалдырады (суды қоршаған ортадан көбірек сіңіреді және өте жылдам шағарады). Осы қасиеті сіздің төсегіңіздің ішкі микроклиматын реттеп, сізге ең оңтайлы жағдайды жасайды, төсегіңіз қыстың суық түндерінде құрғақ әрі жылы, ал жаздың ыстық түндерінде құрғақ әрі салқын болады.

Ерекшеліктері
  • Жазғы жұқа көрпе
  • Ішкі толтырмасы: 375гр/470гр жұмсақ үлпілдек Тенсел талшықтары, 50% тенсел, 50% полиэстер.
  • Қаптамасы: мако тенсел мата, 100% тенсел
  • Өлшемдері: 155х220, 200х200 см
  • Германия өнімі
  • Көрпелер, әмбебаптылығын жоғарлату мақсатында шыртылдақ – түймелермен жабдықталған. Betty® көрпелерінің басым көпшілігі, атап өтілген шыртылдақ – түймелер арқылы өзара құрамдастырыла алады. Осы қасиеті арқылы сіз, жұқа жазғы көрпемен, қалындығы орташа көрпені бірбіріне қосып, әп сәтте қалын қысқы көрпеге ие боласыз.
  • Көрпелердің томпақтығын арттыру үшін, көрпе тыстарын өндеу үшін жаңа тәсіл қолданылады, енді өндеу жұмысы бөлек – бөлек жасалады, көрпе жиектері көмкерілмейді, бұл көрпенің сыртқы көрінісін көзге сүйкімді, денеңізге жұмсақ және жайлы қылады.
  • Бүкіл көрпелер, бір саты жоғары жайлылық пен рахат үшін, кісі денесінің белгілі зоналарына сәйкес келетін қалташарадың орналастырылуыменен пішіліп, сырытылып тігілген.
  • Шынайы Betty® көрпелері, Betty® сауда белгісі, этикеткасы және ішкі толтырғыш материалдың түрін анықтайтын, көрпе шетіне тігілген толтырғыш материалдын символы арқылы анықталады.
ҰҚСАС ТАУАРЛАР
Betty қалың Тенсел көрпесі Betty қалың Тенсел көрпесі

Betty® - бұл, Германияда өндірілген, ең жоғарғы сапа төсек жабдықтары! Homestore, Betty® сауда белгісіменен, Германияда өндірілген, сапалы төсек жабдықтарын ұсынады. Betty® өнімдерінің сапасы, ең тандаулы шикізаттаррдың, Sanders Hyspring өндіріс тәсілдеріне сай, заманауи технологиялар қолданылуыменен өнделуінен шығады, бұл тәсілдер жүн және мамық сияқты материалдардың түктілігін ұлғайтады. Оған қосымша, бүкіл төсек жабдықтары қол еңбегімен өнделеді, ал бұл сіздің рахатыңыз және жайлы ұйқыңыз үшін ойластырыған және жасалған төсек жабдықтарының сапасын арттыра түседі.

Betty жұқа Тенсел көрпесі Betty жұқа Тенсел көрпесі

Betty® - бұл, Германияда өндірілген, ең жоғарғы сапа төсек жабдықтары! Homestore, Betty® сауда белгісіменен, Германияда өндірілген, сапалы төсек жабдықтарын ұсынады. Betty® өнімдерінің сапасы, ең тандаулы шикізаттаррдың, Sanders Hyspring өндіріс тәсілдеріне сай, заманауи технологиялар қолданылуыменен өнделуінен шығады, бұл тәсілдер жүн және мамық сияқты материалдардың түктілігін ұлғайтады. Оған қосымша, бүкіл төсек жабдықтары қол еңбегімен өнделеді, ал бұл сіздің рахатыңыз және жайлы ұйқыңыз үшін ойластырыған және жасалған төсек жабдықтарының сапасын арттыра түседі.