Біз туралы
2003 жылы компаниямыз, Zorluteks Tekstil компаниясының «Linens» сауда белгісі астында үй тоқымасын сату дүкендері желісінің Қазақстанда ашу франшизасын сатып алып, Алматы қаласында өзінің жұмысына кірісті. Қазақстан нарығына, компаниямыз Алматыда ашқан тұңғыш дүкенімен енді. Сауда – саттық қызметтеріміздің алғашқы жылдарында, біздің негізгі сауда және қызмет салаларымыз: кілем және кілем өнімдерін сату, жеке тапсырыс бойынша кілем тоқу және жеткізіп беру, үй тоқымасы бұйымдарын және үй безендіргіш аксессуарларды сату, перде пішу, тігу және сату болатұғын.
Қазақстандағы екінші дүкеніміз, Қарағанды қаласында, «City Mall» ойын-сауық орталығында ашылған еді. Ал, бір жылдан кейін, 2007 жылдың төртінші ширегінде, компаниямыз Астана қаласында «Linens» және «Home Sweet Home» сауда белгілерімен, кезектегі екі дүкенін ашып жалпы дүкен санын төртке шығарды.
2008 жылы компаниямыз, өзінің сауда-саттық концептін қайта қарастырып, "Үй Әсемдігі Үшін Қажетті Заттардың Барлығы" тұжырымдамасына тоқталды. Осы мақсатқа жету үшін, компаниямыз сауда серіктеріміздің санын және клиенттерімізге ұсынылатын тауар таңдауын күрт арттырды.
Осы концепттің табиғи жалғасы ретінде, 2011 жылында компаниямыз Түркия Республикасының ең үлкен екінші жиһаз өндірушісі "Dogtas Kelebek Mobilya Sanayi ve Ticaret A.Ş." компаниясынан "Dogtas Exclusive" сауда белгісінің Казақстан франшизасын сатып алды.
2013 жылы компаниямыз, ребрендинг рәсімін аяқтады, нәтижесінде біздің дүкендер желісі «Homestore» болып аталатын болады. Біздің алдағы жылдарда даму жоспарымызға сай, бұдан былай, біздер бүкіл қызметтерімізді тек қана осы сауда белгісінің аясында ұсынатын боламыз.
Сауда концептіміз
Бүгінде, біздің сауда концептіміз, “Үйге керек-жарақтарының барлығы” атты ұранымызға сәйкес келіп тұр, шынында да, біздер үйіңіз үшін қажетті барлық бұйымдарды сатудамыз. Бірақ, бізді басқа компаниялардан өзге, ерекше қылатын тек қана осы емес, біздің қағидаларымыздың тағы бірісі “эксклюзивтілік”. Біздер бүкіл тауар жеткізушілерімізбен Қазақстан Республикасы бойынша жеке өкілеттік шартымен келісеміз. Осы себепке байланысты, дүкендерімізде сатылатын тауарларды басқа еш жерде таба алмайсыз. Жыл сайын біздер Еуропаның ең жақсы жиһаз, кілем, үй тоқымасы, үй аксессуарлары жәрмеңкелерін кезіп тұрамыз. Ең жақсы, ең сапалы, ең сәнді және айрықша тауарларды, бұйымдарды таңдап, кейіннен сіздерге дүкендерімізде ұсынамыз. Осыған байланысты, біз: Германия, Бельгия, Испания, АҚШ, Нидерланды, Австралия, Оңтүстік Африка, Түркия, Вьетнам, Тайвань сияқты елдерден, отыз бестен астам тауар жеткізуші компаниялардың тауарларын сіздерге қуана ұсынудамыз.